Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылымға шығарылады.
Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үйді сатылымға шығарады.
Нысанның бастапқы бағасы 1,8 миллиард теңге, кепілдік жарна – 117,9 миллион теңге болды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. Үйдің фотосуреттері ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. Құқық қорғау органдары жылжымайтын мүлікті заңсыз алу фактілерін анықтады.
Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде ұсталды. 2023 жылғы сәуір айында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күшпен басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.