Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстан облысында интернет алаяқтары ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында интернет алаяқтары ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері алаяқтар желісін жойды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Киберполиция ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, төрт роутер және бір ноутбук тәркіледі.

Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды.

Сонымен қатар Қарағандыда шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, 2 мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық