Басты бетЖаңалықтарАлматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті

Алматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті

Алматы полициясы автобус ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әлеуметтік желіде түн ортасында қаланың Түрксіб ауданында жолаушылар автобусын айдап кеткені туралы видео тарап жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұрлық дерегі бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық