10 ақпан күні Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
Конькимен жүгіру:
- 10 ақпан, 9:00. Финал. 500 метр (Ерлер);
- 10 ақпан, 10:02. Финал. 3000 метр (Әйелдер);
- 10 ақпан, 11:07. Финал. Командалық із қуу (Ерлер).
Керлинг:
- 10 ақпан, 6:00. Топтық кезең . Қытайлық Тайбэй — Қазақстан (Әйелдер);
- 10 ақпан, 16:00. Топтық кезең. Қазақстан — Қытай (Әйелдер);
- 10 ақпан, 6:00. Топтық кезең . Қазақстан — Филиппин (Ерлер).
Шайбалы хоккей:
- 10 ақпан, 09:00. Топтық кезең. Қазақстан — Корея (Ерлер).
Шаңғы жарысы:
- 10 ақпан, 8:00. Финал. 10 шақырымға еркін стилде сырғанау (Ерлер).
Фристайл:
- 10 ақпан, 8:00. Финал. Командалық аралас акробатика (Әйелдер).
Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.
Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.
Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.
Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.