Басты бетЖаңалықтарАяз, тұман, жел: 10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Аяз, тұман, жел: 10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз (25-27 градус) болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық