Астанаға Сириялық қарулы оппозицияның өкілдері келеді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сирия мәселесі бойынша Астанада өтетін келіссөздерге сириялық қарулы оппозицияның қатысатынын растады.

«Сирия мәселесі бойынша Астанада өтетін халықаралық кездесудің барлық қатысушылары, оның ішінде Мохаммед Аллуш бастаған сириялық қарулы оппозиция өкілдері кездесуге қатысатындарын растады», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Болжам бойынша, келіссөздерге қарулы оппозицияның 16 өкілі келеді.

Келіссөздер 3-4 мамыр күндеріне жоспарланған.

Еске сала кетсек, 14-15 наурыз күндері өткен алдыңғы келіссөздерде жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату режиміне кепіл мемлекеттер — Ресей, Түркия, Иран делегациялары қатысты. Сондай-ақ, кездесуге АҚШ, Иордания, Сирия үкіметі және БҰҰ өкілдері келді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version