«Алтын адам» туралы фильм түсіруіміз керек — Арыстанбек Мұхамедиұлы

«Біздің өзіміздің үздік туындымыз болуы керек. Ал ондай туындыға кем дегенде жүз миллион доллар кетеді. Қазақстанға өздерінің артефактісін —  бізде бар «Алтын адамды» барынша насихаттау керек», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы барысында.

Сонымен қатар, министр артефактілер жайлы фильмдер түсіріп, оларды телеарнадан көрсетуді ұсынды.

«Әлем музейлерінде көрмелер ұйымдастыру керек, көркем, ғылыми-көпшілік, анимациялық фильмдерді түсіріп, оларды жетекші телеарналардан көрсету кажет. Яғни, біз Алтын адамымызды барынша танымал етуіміз керек», — деді Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, бұл археологиялық дүние бүкіл әлемге қызық болады.

«Мысал ретінде «Алтын жауынгер» фильмі жайлы айтқым келді. Біз оны алғаш рет 2004 жылы Мемлекеттік эрмитажда көрсеткен болатынбыз. Сол кезде біз оны мұражайда 20 күнге қоюға келіскен едік. Алайда олар бір аптадан соң бізге қоңырау соғып, фильмді тағы екі ай көрсетуді сұрады», — деді министр Мұхамедиұлы.

ДереккөзTengrinews