Басты бет Жаңалықтар Жаңа оқу жылынан бастап үш пәннің сабақтары музейлерде өтеді — Ерлан Сағадиев

Жаңа оқу жылынан бастап үш пәннің сабақтары музейлерде өтеді — Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндердің музейлерде өткізілетінін айтты.

Ұлттық музей ©Астана ақшамы

Министр география, дүниетану және Қазақстан тариxы пәндерін кем дегенде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізу жоспарда бар екенін айтады. Осыған байланысты еліміздегі музейлердің күзге дейін сабақ өткізуге дайын болуын ескертті. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, қажетті теxникалық құралдар: проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз етілуі керек.

«Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс», — деді Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Білім және ғылым министрі бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігімен кеңесіп, музейлерде сабақ өткізу мәселесін жан-жақты пысықтамақшы.

17 пікір

  1. Менің ойымша өте дұрыс шешім. Мекатеп оқушыларының тарихымызға, мәднеиетімізге деген қызығушылығы ашылады.

  2. Бастысы сабақ өткізуші мұғалімнің білім беру тактикасы өзгеше болу керек. Сонда ғана оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы өсетін болады.

  3. Дұрыс шешлім. Бұл жаңашылдық мектеп оқушыларының патриоттық сезімін оятуы әбден мүмкін.

  4. Баланы бастаған деген атам қазақ. Сол қағиданың аясында дұрыс жұмыс бағыт жасалып жатыр деген ойдамын.

  5. Дәстүрлі оқу жүйесінен жалыға бастаған балалар үшін үлкен өзгеріс әрі ынталарына арттыра түседі.

  6. шетелдіктермен тәжірибе алмасып, тиімдісін өзімізге енгізіп жатқанымыз қандай тамаша.

  7. Бұл негізінен енді мұғалімнің баланы қалай қызықтыратынына байланысты, дегенмен музейлерде өткізілетін болса қызығушылық арта түседі деген ойдамын.

  8. Мысалы, тарихтан өтіп жатқан дәуір туралы айтылып, оны визуализация жасаса балаға қонымдырақ болады.

  9. Білімге үлкен мән беріліп жатқаны көрініп тұр. Сағадиев жақсы жұмыс жасап, жақсы идеялар әкеліп жатыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version