Басты бетЖаңалықтарАлматы метросында жолаушылар төбелесіп қалды

Алматы метросында жолаушылар төбелесіп қалды

Алматы метросында жолаушылар төбелесіп қалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірі қатты соққы алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Жанжалдың басы ер адамның жолаушылардың бірінен сөмкесін шешіп, айналасындағыларға кедергі жасамауын айтқанынан басталған. Алайда жолаушы бұл ұсыныстан бас тартқан, ұрыстың арты төбелеске ұласқан. Жанжалға қатысушылардың бірі қатты жарақат алды, – делінген видеода.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір айтты.

Алматы қалалық полиция департаменті қазіргі таңда Метрополитенде тексеру жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысушылар анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық