Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында 1,4 миллиард теңгеге жаңа мектеп салынады

Жетісу облысында 1,4 миллиард теңгеге жаңа мектеп салынады

Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен 1,4 миллиард теңгеге жаңа мектеп салынады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында үкімет арнайы мемлекеттік қордан облыстың Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысына 1,4 миллиард теңге бөлді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір елді мекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Бұл ретте оқу орнында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімдігі мәселесін және мектепте орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда жеті жасқа дейінгі 28 тұрғын бар.

Бүгінгі таңда үкімет арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға 58 миллиард теңге бөлді. Атап айтқанда, бес мектеп, оның ішінде бір музыкалық, екі спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, екі балабақша және жедел медициналық жәрдем стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық