Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 7 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік антициклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, сол себепті бүгін негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қардың жаууы күтіледі. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік батыста, орталықта — жаяу бұрқасын күтіледі, — делінген хабарламада.