Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Қазақстанда қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Қыз алып қашу. (Қырғызстандағы Қыздарды қорғау институты қоғамдық ұйымының көрнекі суреті).
Елімізде қыз алып қашқандар енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тиісті заңға өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс жұмыс тобымен талқыланып жатыр.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты.

Тиісті түзетуді ұсындым. Қазір ол қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар қарастырылды. Мұның бәрі жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылып жатыр, – деді Мұрат Әбенов.

Оның айтуынша, бұл үшін үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылған.

Бұл ретте біреуді өз еркіне қарсы алып қашып, үйінде ұстау, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек, – деді депутат.

Exit mobile version