Алматыда заңсыз сауда нысандарын жаппай сүру жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстарына мемлекеттік органдар, полиция және депутаттар қатысып жатыр, — деп жазылған хабарламада.
Қазір Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында су мен кәріз жүйесіне қосылмаған, ал электр желілеріне рұқсат құжаттарынсыз қосылған 21 нысан бұзылды.
Алматыда заңды сауда жүргізу үшін СЕСН-ға арналған 142 орын бекітілген. Кәсіпкерлер қызметін кәсіпкерлік басқармасы арқылы заңдастыра алады.