Басты бетЖаңалықтарКоммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізіледі

Коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізіледі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі былтырғы жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметке бірыңғай түбіртек енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Түбіртек барлық төлемді жинақтауға арналған. Төлем жасайтын азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталады.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірованың айтуынша, бұл жүйе қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді болады.

Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекенде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін процесті кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз, – деді Жәннат Дүбірова.

Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ