Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнде ел аумағында қандай ауа райы болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 8 ақпаннан бастап Ақмола облысында, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалы күшейеді, нәтижесінде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанған.

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: батыста түнде минус 10-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста минус 17-25 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта минус 17-28 градусқа дейін, ал шығыста минус 18-35 градусқа дейін суытады, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ