Басты бетЖаңалықтарАлмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады.

Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлап отыр.

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді, — делінген хабарламада.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе бес күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ