Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде полицей қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
ПД мәліметінше, ер адам жаттығудан кейін залдың шығаберісінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған. Жедел жәрдем мамандары реанимациялық шаралар жасаған. Бірақ олар полицейдің өмірін құтқарып қала алмаған.
Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – миокард инфарктісі. Қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мезгілсіз дүниеден өткен полицейдің отбасына көңіл айтты.
Астана қалалсы полиция депаратменті ЖҚАЖ аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес, — деді Ержан Сәденов.
Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына барлық қажет көмек көрсетеді.