Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Қазгидромет: Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік антициклон ҚР көп бөлігінің ауа райына ықпал етеді.

Республикада негізінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, шығыста – жаяу бұрқасын болу ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ