Басты бетЖаңалықтарАлмас Кішкенбаевқа қатысты іс сотта қаралады

Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс сотта қаралады

Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс Алматыдағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады.

Сот іс материалдарын қабылдады.

Сотта Кішкенбаев Алмас Бексейітұлына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып жатыр. 2024 жылғы 31 қаңтарда іс бойынша мән-жайларды қарастыру мүмкін болмады, себебі жәбірленуші, кәмелетке толмаған К.-ның заңды өкілі ауызша өтініш білдіріп, іс материалдарымен танысу үшін қарау күнін кейінге қалдыруды сұрады, – делінген сот кабинетіндегі ақпаратта.

Сот отырысы бүгін, 3 ақпанда өтеді.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Осы бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл немесе 5-тен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, Алматы полициясы 17 жастағы жасөспірімнің арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам оған сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Алғашқы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты. Оның мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ