Басты бетЖаңалықтар16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 2 ақпанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

2 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

2 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

2 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, бұрқасын соғады, күндіз қар, бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

2 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады, күндіз қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

2 ақпанда түнде Ұлытау облысының шығысында аздаған қар жауп, бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

2 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) болып, көктайғақ, тұман сақталады.

2 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі.

2 ақпанда түнде Павлодар облысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық