Басты бетЖаңалықтарАстанада су тасқынына қарсы жұмыс жүріп жатыр

Астанада су тасқынына қарсы жұмыс жүріп жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында су тасқынына қарсы жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы жазды. Бұл туралы әкімнің ресми сайты хабарлап отыр.

Коммуналдық қызметтер 4,5 млн текше метрден астам қар шығарды.

Қазіргі уақытта жыл басынан бері арық-науа желісінің 11,5 мың погонды метрі тазартылды, 8 640 погонды метр коллекторлар, 428 бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы жуылды, станциялардағы бірнеше сорғы жабдығы ауыстырылды, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сол сияқты Есіл өзенінің арнасына реконструкциялау (су реттейтін бөгет, 5-кезек) жүргізілді; нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз қосылуды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, жеке тұрғын үй секторларында рейдтер жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық