Басты бетЖаңалықтарБалаға мүгедектер арбасын ұсынбаған әуекомпания жауапқа тартылды

Балаға мүгедектер арбасын ұсынбаған әуекомпания жауапқа тартылды

Бас көлік прокуратурасы балаға мүгедектер арбасын ұсынбаған әуекомпанияның жауапқа тартылатындығын хабарлап отыр.

Оқиға 2024 жылғы 3 қарашада болған.

Ведомство мәліметінше, Санкт-Петербург–Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген.

Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды. Анықталғандай, әуе компаниясы қызметкерлерімен мүгедек арбасының қажеттігі туралы қате хабарламасы уақтылы қызмет көрсетпеудің себебі болды, — делінген хабарламада.

Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттіктері бар жолаушының құқықтарының бұзылуы бойынша ықпал етті.

Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі), — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ