Ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында көлік қозғалысы шектелді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Жетісу облысы
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскесі (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Абай облысы
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін).
- «Таскескен-Бақты» автожолының 0-75 шақырым аралығындағы учаскесі (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00–де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы
- 2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 09:00–де ШҚО-да қар көшкінінің профилактикалық түсуімен байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 420-450 шақырымы аралығында (Берел ауылынан Рахман қайнары шипажайына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2025 жылғы 30 қантар сағат 17:00–де жолды ашу жоспарланған.