Басты бетЖаңалықтар2024 жылы рекордтық көлемде мұнай тасымалданды

2024 жылы рекордтық көлемде мұнай тасымалданды

2024 жылы Қазақстан рекордтық 13,2 миллион тонна мұнай тасымалдады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлап отыр.

Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы «Қазтеңізкөлікфлоты» 10,8 миллион мұнай тасымалдаған.

Каспий теңізі арқылы Теңіз және Қаражанбас кен орындарынан мұнай жеткізілімін арттыру, сонымен қатар Қара теңіз арқылы көмірсутектерді тасымалдау есебінен өсімге қол жеткізілді. Барлығы «Қазтеңізкөлікфлоты» танкерлері қолданыла бастағаннан бері тасымалданған мұнайдың жалпы көлемі 170 миллион тоннадан асты, — делінген хабарламада.

Контейнерлік тасымалдауда да оң қарқын бар. Мысалы, 2019 жылы іске қосылған «Ақтау-Баку-Ақтау» бағыты бойынша 51,4 мың тонна немесе жиырма фут баламадағы жалпы көлемнің 94%-і тасымалданды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ