Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517–523 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 30 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,26 теңге. Еуро — 537,68.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,1 теңге. Еуро 538—542 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,29 аралығында саудаланып жатыр.