«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде қар, кей аумақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батысы мен оңтүстік-батысында қарсыз ауа райы сақталады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, бұрқасын жүреді. Тұман түсіп, көктайғақ болады.