Алматы қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады.
2025 жылғы 30-31 қаңтарда халықаралық форум кезінде қалада көлік қозғалысы жартылай шектеледі, — делінген хабарламада.
Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:
- Майлин көшесі,
- Құлжа тасжолы,
- Бұқтырма көшесі,
- ШААЖ,
- Әл-Фараби даңғылы,
- Сейфуллин даңғылы,
- Достық даңғылы,
- Жароков көшесі.
Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтеді.