Басты бетЖаңалықтарАқтауда қылмыстық топтың басшысы сотталды

Ақтауда қылмыстық топтың басшысы сотталды

Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Ақтау тұрғыны қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Ақтау қалалық соты шығарды.

2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 миллиард теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған, — дейді ведомство.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжаннан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ