Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.
Туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы–Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.
Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтары арқылы орындалады. Осылайша елдер арасындағы жолаушылар рейсі үш әуе компаниясының төрт әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.
Айта кетері, қазіргі уақытта Алматы–Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы–Гоа (SCAT – екі рейс) және Астана–Гоа (Fly Arystan – екі рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.