Air Astana компаниялары тобы ESG Awards марапаттау рәсімін өткізді. Онда компаниялардың тұрақты даму саласындағы бастамаларын іске асыруға көмектесетін серіктестері мараптталды.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ESG Awards марапаты алғаш рет компанияның серіктестеріне компанияның ESG қағидаттарын (экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару) іске асыруға қосқан үлесі үшін берілген. Іс-шара серіктестердің бортта қызмет көрсету, еңбекті қорғау, қызметкерлерлерді оқыту және дамыту, экология, ұшу қауіпсіздігі, қайырымдылық және тағы басқа салалардағы еңбегін мойындауға, компанияның ESG-бастамалары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Серіктестер ынтымақтастықтың ұзақмерзімдігі мен сенімді екенін, компанияның корпоративтік мақсаттарын қолдауды, икемділік пен бастамашылықты, ESG-қағидаттарын ұстануды қоса алғанда, бірқатар негізгі өлшемшарт бойынша бағаланды.
![](https://baribar.kz/wp-content/uploads/2024/12/612f684dbe2b5581d97fb8e5218dd4df.webp)
ESG құндылықтарына ортақтасатын және оларды жүзеге асыруға көмектесетін серіктестерімізді мақтан тұтамыз. Бұл ESG Awards құруға негіз болды — марапаттар ғана емес, ESG қағидаттарын ілгерілетуге және орнықты болашақ қалыптастыруға қосқан үлес үшін ризашылығымыздың нышаны, — деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.
Марапатталған серіктестер арасында Baribar Media (ESG-бастамашылықты белсенді жария еткені үшін) да бар. Оған қоса халықаралық және қазақстандық компаниялар — EY Kazakhstan (климаттық қауіптер саласында кеңес беру), SITA (жолаушыларға қызмет көрсету саласында инновациялық өнімдерді дамыту), «Вита Пром» (қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау), «Карина Трейдиң» (макулатураны қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғауға үлес), McNair Flight Safety Consulting Inc (жоғары сапалы профилактикалық тексеру жүргізу арқылы авиациядағы қауіпсіздікті жақсартуға үлес), JETEX (ұзақмерзімді ынтымақтастық және жолаушыларға жерүсті қызмет көрсетудегі сенімділік), Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптау және аттестаттау орталығы (еңбекті қорғауды және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз еткен үлесі үшін), Almaty Catering Services (борттағы қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына қосқан үлес), COCOBEE дүкендер желісі (серіктестік және балалардың жол жинақтарын әзірлеудегі клиентке бағдарлану), Print Market (ынтымақтастықта проактивті және сапалы тәсіл), IBCU (компания қызметкерлерін оқытуға және дамытуға үлес), «Семей Орманы» (Экологиялық тұрақтылыққа және экожүйелерді қалпына келтіруге елеулі үлес), «Павелдің шеберханасы» (ресурстарды жауапты тұтынуға және қайталама пайдалануға үлес), «Курсив Медиа» (Қазақстандағы ESG зерттеулерін әзірлеуге қосқан үлесі), «Аяла» қайырымдылық қоры (қайырымдылық саласындағы жемісті ынтымақтастық) және тағы басқа.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Air Astana компаниялары тобы 2023-2032 жылдарға арналған ESG-стратегиясын қабылдады. Онда сапалы білім беру, гендер теңдігі, лайық еңбек және экономикалық даму, теңсіздікті азайту, климаттың өзгеруімен күрес, орнықты даму мүддесіндегі әріптестік салаларындағы басым мақсаттар белгіленген.