Басты бетЖаңалықтарАуа райына байланысты екі облыста жол жабылады

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылады

«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлап отыр.

Ақмола облысында көлік қозғалысы шектеледі.

2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавлск» автожолының 377-440 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 29 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады.

2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавлск» автожолының 339-377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да