Басты бетЖаңалықтарДоллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516—522 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 538,01.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 537—543 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13—5,27 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ