Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514–518 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 28 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 542,87.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518,2 теңге. Еуро 541—545 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514,8 теңге, сатып алу құны — 518,9 теңге. Еуро 539,6 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15-5,27 аралығында саудаланып жатыр.