Басты бетЖаңалықтарСу тасқыны: министрлік өңірлердегі дайындық туралы мәлімет берді

Су тасқыны: министрлік өңірлердегі дайындық туралы мәлімет берді

Су тасқыны қаупі бар жерлер мен елді мекендер анықталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарап отыр.

Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр.

Негізгі іс-шаралар — қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру каналдары мен арықтарды орнату, сонымен қатар су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу.

Шымкент қаласында жол картасын іске асыру шеңберінде алты елді мекенде Бадам өзенінің арнасының тоғыз шақырымын түзету және жағалауды нығайту жүргізілді. Инженерлік жұмыстар жоспары аясында 34 шақырымнан астам ирригациялық жүйе орнатылды. Төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті әкімдіктердің мамандары су басу қаупі жоғары аймақтарда мониториң жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып жатыр.

Қостанай облысы ТЖД жұмыс тобы Рудный қаласына барып қайтты. Жұмыс сапары барысында су тасқыны қаупі бар бірқатар объектілерге тексеру жүргізілді. Перцев кентінде кент бойында тұрғызылған ұзындығы 1,5 км уақытша жер білігі және Сергеевский көпірінің жағдайы тексерілді. ФЗО ауылында инженерлік техниканың көмегімен еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін арна қосымша ұлғайтылды. «Рудный Су Арнасы» ЖШС аумағында су тасқыны кезінде пайдаланылуы мүмкін техниканы қарап тексеру ұйымдастырылды.

Қостанай облысының құтқарушылары Қарасу ауданындағы Новоселовка ауылы маңындағы су ағызу арнасына жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауды жалғастырып жатыр. Арнаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Судың деңгейін бақылау үшін үш гидробекет орнатылған. Іс-шараларды бақылау мен үйлестіруге жауапты жедел штаб гидробекеттерді үнемі тексеріп отырады және аумақты айналып өтеді. Жағдайды дәлірек бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, аэровизуалды бақылау қолданылады, бұл жағдайдағы кез келген өзгерістерді биіктіктен жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғылар судың деңгейін үнемі тексеріп отырады. Жағдайды бақылау үшін әуеден ұшатын дрон да пайдаланылады, сондықтан өзгерістер тез байқалады.

Жамбыл облысында Талас өзеніне тексеру жүргізілді. Су нысандарының жағдайын бағалау және су тасқыны қаупін азайту бойынша шаралар қабылдау мақсатында бұл шараға жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД және бейінді ұйымдардың, салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мониториң барысында Талас өзенінің ең қауіпті учаскелері, соның ішінде Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандарының аумақтары тексерілді. Жағалауды нығайту жұмыстары қарастырылып, жоспарланды. Халықты қорғау және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тиісті ұйымдарға тапсырмалар берілді. Су нысандарының жағдайын бақылау және нығайту шараларын іске асыру жұмыстары жалғасады.

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД бастығы Рашид Блялов пен облыс әкімі Ермек Көшербаев, сондай-ақ басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері жұмыс сапарымен Зайсан ауданына барды. Ауданда әдеттен тыс жылы ауа-райына байланысты қардың белсенді еруі басталды. Әкім жолдарды тазалауды, қарды шығаруды және жол жиектеріндегі тюбингтарды тазалауды, сонымен қатар барлық су өткізу құрылыстарын тексеруді тапсырды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің күштері жұмылдырылды.

Астана қаласы аумағында қар шығару бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда елді мекендерден қыстың басынан бастап 3,4 млн.куб.м. астам қар шығарылды. ТЖД қызметкерлері 500-ге жуық адамды қамти отырып, 10-нан астам рейд жүргізді.

Петропавл қаласында су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес алты іс-шара қарастырылған, олардың барлығы толық көлемде орындалды. Заречный кенті мен «Подгора» шағын ауданында жалпы ұзындығы 6 260 метр болатын қорғаныс біліктері мен бөгендерді нығайту жұмыстары жүргізілді. «Ущева» қорғаныс бөгенінің еңістерін темір бетон плиталарын төсеу әдісімен нығайту жұмыстары жүргізілуде. 214 нөсер кәрізі дайындалды. «Қызылжар су» ЖШС-нің 1-көтеру су тартқыш станциясын қайта құру жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы Атырау облысында ұзындығы 250 км жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағалаудың осал жерлерін бекіту және Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылының ауданында, «Сарыөзек» каналының бойында, Қайыршақты ауылдық округінің Талқайран шағын ауданының және Талғайран-2, Бесікті және Ақжар ауылдарында сумен жабдықтау және кәріз сорғы станцияларының айналасында Жайық өзенінде қосымша бөгеттер салу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысының Іле ауданында Жармұхамбет ауылы мен ауылдық округ ауданындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы зерттелді. Үйлерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында өзен арнасын тазарту және тереңдету, сонымен бірге жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ