«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 қаңтарда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Жезқазғанда да кей уақыттарда тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Оралда да көктайғақ болып, тұман түседі.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қарағандыда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.еклама
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Қостанайда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында соққан жел екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.