Қызылорда-Арал автожолы 26 қаңтардан бастап ақылы болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлап отыр.
Бұған дейін ҚР көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда–Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойды.
Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара)–Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда–Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:
- «Қызылорда–Павлодар–Успенка–Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының «Қызылорда–Жезқазған» учаскесі,
- «Жезқазған–Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының «Жезқазған–Арқалық» учаскесі,
- «Арқалық–Торғай» облыстық маңызы бар автожолы,
- «Торғай–Шеген–Ақшығанақ–Дүкен–Ырғыз» аудандық маңызы бар автожолы,
- «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға)–Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ырғыз–Арал» учаскесі;