Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517—522 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 517,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 543,11.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 542,3—547,03 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15—5,25 аралығында саудаланып жатыр.