Жақында Ресейлік Baza басылымы Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігінен табылған жазбаны жариялаған. Жариялаған ақпаратта басылым ұшақ апатына Ресейдің кінәсі жоқ екенін дәлелдеуге тырысқандай.
Журналистер осы Baza ақпараты туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтан сұрады. Вице-премьер «Ресми дереккөзді күтіңіздер» деді.
Baza-дағы [әңгімені] тыңдадым. Меніңше, онда жердегі [қызметкерлермен сөйлескен] әңгіме сияқты. Экипаждың, ұшқыштардың әңгімесін естіген жоқпын. Қара жәшікте экипаждың әңгімесі бар. Сол себепті бұл біздегі тергеу тобынан тараған ақпарат емес деп ойлаймын, – деді вице-премьер.
Айта кетейік, көлік министрліні «Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді» деп мәлімдеген.