Басты бетЖаңалықтарБеларусьте президент сайланып жатыр

Беларусьте президент сайланып жатыр

Беларусьте президент сайланып жатыр. Бұл туралы жергілікті «Белта» ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

6,9 миллионға жуық сайлаушы 5325 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Дауыс беру сағат 20: 00-де аяқталады.

Президент болуға үміткерлер:

  • Либералды-демократиялық партияның төрағасы Олег Гайдукевич;
  • Кәсіпкер Анна Канопацкая;
  • Компартия ОК бірінші хатшысы Сергей Сыранков;
  • Республикалық еңбек және әділет партиясының төрағасы Александр Хижняк;
  • Қазіргі Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Айта кетейік, Беларусь президенті Александр Лукашенко 1994 жылы сайланған. Содан бері ол елді үздіксіз басқарып келеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да