«Мен қазақпын» деп аталатын роликті Фима Иванов достарымен бірге түсіріпті. Өзі юморлық видеоны Қазақстан халқы бірлігі күніне орай түсіргенін жазған. Роликте қазақтардың тойға кешігіп жүретіні, сарқытын ұмытпайтыны, шаруасы шешілмесе «Бәкесіне» хабарласатыны, несие алып той жасайтыны айтылады.

Видеода ұлттық тағамдар — құрт, қазы-қарта, қымыз бен шұбат та көрініс тапқан.

Автор қазір қоғамдағы кемшіліктерді әзілмен берсе де, өзінің қазақпын дейтін мақтанышын жеткізген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!