Журналист, продюсер Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Журналист қазір Дубайда тұрып жатыр.