Almaty Arena ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь өртенді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру барысында 2013, 2016, 2019 жылдары туған төрт бала құтқарылған. Өрт толықтай сөндірілген.