Басты бет Жаңалықтар Шыршадан құлаған мұғалім ісінде əкім орынбасары күдікті деп танылды

Шыршадан құлаған мұғалім ісінде əкім орынбасары күдікті деп танылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Семейде шырша безендіруге барып, биіктен құлаған мұғалім ісінде əкім орынбасары күдікті деп танылды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың депутаттық сауалға берген жауабында жазылған.

Тергеп-тексеру барысында мұғалімдерді кəсіби міндеттерімен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берген қала əкімінің орынбасары А. Хамзаев күдікті ретінде танылды,  – делінген жауапта.

Бас прокурор «Билiк өкiлетін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, Семейде шырша безендіруге міндеттелген Қуат Айтқалиев 4-5 метр биіктен құлаған.

Exit mobile version