Басты бет Жаңалықтар Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім ауруханадан шықты. Бұл туралы білім министрі Ғани Бейсембаев айтты. 

Ол емделіп, қайта қалпына келуі керек. Қажет шұғыл шаралар қабылданды. Кінәлілер жазаланды, бұл барлығына сабақ болуға тиіс. Әкімдік мұны өндірістік жарақат деп тани ма, танымай ма, ол жағы тергеу аяқталған соң шешіледі, — деді министр.

Еске салайық, Семейде №49 мектеп мұғалімі Қуат Айтқалиев қаладағы жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, зардап шекті.

Сымбат Аянқызы күйеуінің 10 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Ерлі-зайыптылар бір бала тәрбиелеп отыр.

Exit mobile version