Картопты сатуға шектеу және тапшылық жоқ. Бұл туралы Астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлап отыр.
Бұл мәлімдемені елорда әкімдігі де растады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қор уақытылы толықтырылып жатыр, картоп жеткілікті.
Картопты сатуға 5 келіден аспайтын уақытша шектеулерді Small және Spar желілерінің әкімшіліктері 22 қаңтарда енгізді. Бұл шара сатып алушылардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме бағамен сатып алуын болдырмау мақсатында қабылданды (шектеу алынып тасталды). Мысалы, барлық Small және Spar сауда желісінде картоп бір келісі 280 теңгеден сатылып жатыр, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажет шара қабылданды. Айналмалы механизм аясында қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аптасына 200 тоннадан астам картоп интервенциясын жүргізеді.