Басты бетЖаңалықтар​Биылдан бастап жекеменшік мектептің оқушылары тегін тамақтанады

​Биылдан бастап жекеменшік мектептің оқушылары тегін тамақтанады

Биылдан бастап мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш класс оқушылары тегін тамақтанады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Ол үшін бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда президент білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

Нәтижесінде 25 мыңнан астам бала мектепте тегін ыстық тамақ ішеді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы қыркүйектен бастап бастауыш класс оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11-класс оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық