Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы–Шымкент рейсімен ұшпақшы болған жолаушыны ұстады.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары тексеру барысында жолаушы 34 жастағы Қытай азаматы екенін анықтаған.
Ол рейске отырғызу кезінде күту залында, яғни, қоғамдық жерде түкіріп, айналасындағы азаматтарға құрметсіздік танытып, жалпы қоғамдық орынды ластаған. Құқықбұзушы 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл арқалап, рейстен түсірілді, — делінген хабарламада.