Президенттің тапсырмасы бойынша, ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды.
Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек» — деген болатын.
Президент тапсырмасы аясында бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сонымен қатар отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.