Басты бетЕлордада аймақтық...

Елордада аймақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өтеді

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Жәрмеңке екі күн қатарынан өткізіледі. Онда 30 мың тоннадан астам өнім ұсынылады. Ең алдымен, жылқы еті, сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, жарма түрлері, қант, бал, балық және т.б. Бағасы нарықтағыдан 15-20%-ға арзан болады.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Шараның музыкалық сүйемелдеуін облыстардың шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

2017 жылдың 13-14 мамырында дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады.

Үш жәрмеңкеге облыстардың барлық аудандарының 190 өңдеу кәсіпорны мен ауыл шаруашылық құрылымдары қатысады. 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде Атырау облысы — 29 тонна, Батыс Қазақстан облысы – 4 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы — 265,5 тонна.