Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Теміртау қаласының терминалында 300 көлік тұрып қалды.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге ауа райының жақсаруына және трассаның ашылуына дейін алыс сапарлардан бас тартуды қатаң екертті.
Біз жол қозғалысының барлық қатысушыларынан сақтық шараларын сақтауды, автожолдардың жай-күйі туралы кейінгі ақпараттарды жіті назарда ұстаңыздар, — деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Қазіргі уақытта да терминалда көліктер өте алмай тұр. Полицияның айтуынша, жағдай өзгерген жоқ.